29
наурыз
2021
9-10 сынып оқушылары арасында құқықбұзушылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікір сайысы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №63 жалпы орта мектебінде 9-10 сынып оқушылары арасында құқықбұзушылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікір сайысы болып өтті.
Мақсаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу болды.
Оқушылар отанының патриоты болуға, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл азамат, азаматша болатынын айтып, өз ой- пікірлерімен бөлісті.