30
наурыз
2021
кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылыққа, нашақорлыққа, суицидке жол бермеу, қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №63 жалпы орта мектебінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылыққа, нашақорлыққа, суицидке жол бермеу, қыздар арасында ерте жүктіліктің, адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мен керағар діни ағымдар мен секталардың іс-әрекеттерінің алдын алу, жасөспірімдердің спортқа, өнерге, мәдениетке қызығушылығын арттыру мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуге Еңбекші ауданы әкімі аппаратының бас маманы Уалихан Ақпан Сәбитұлы, Шымкент қаласы дін істері басқармасы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Елтай Бағжан, нарколог дәрігері Пернешова Б, Жастар ісі жөніндегі басқармасы, Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Дуйсенова Алтынай, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Медеуова 8-10 сынып оқушылары, сынып жетекшілері, мектеп инспекторы полиция капитаны А.К.Ермағамбет қатысты. Кездесу карантин жағдайында барлық санитарлық талаптарды ескере отырып өткізілді.