8-наурыз "Халықаралық әйелдер күні" » «N63 негізгі орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№63 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
(8723) 53-14-71
Оқу бөлімі:
+7(708) 198-08-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 8-наурыз "Халықаралық әйелдер күні"
09
наурыз
2022

8-наурыз "Халықаралық әйелдер күні"

Шымкент  қаласы N63 жалпы орта мектебінің 2 "Ә" сынып оқушылары  8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы менің анашым» атты ашық тәрбие сағатын  өтті. 
Мақсаты: Аналар мерекесі туралы ойларын ашық айта білу. Оқушыларға салт - дәстүрі мен әдет - ғұрыптарын сақтай білуге сөздік қорын молайтып, ой - өрісін дамыту. Халқымыздың салт - дәстүрлері арқылы биязылыққа, инабаттылыққа, ана өнегесінен үлгі алуға тәрбиелеу.
   Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік,
мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8-наурыз мерекесі.
Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Сіздерді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив