11
қараша
2020
жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жиналыс
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №63 жалпы орта мектебінде 9-10 сыныптарының ер балаларымен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында санитарлық талаптарды сақтай отырып жиналыс өткізілді. Жиын барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Медеуова Кенжегүл апай жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қылмыспен күресудің бірден бір негізгі жолы екеніне тоқталып, жасөспірімдермен жасалатын қылмыстардың көбі заңды білмегендіктен жасалынатынын атап өтті және де жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық жағдайында қандай жаза қолданылатынын айтып, кәмелетке толмаған балалардың түнгі мезгілде көшеде жүруге тыйым салынатынын қатаң ескертті.