05
қазан
2020
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасына сәйкес Шымкентте барлық саланы автоматтандыру және цифрландыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде.Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиеваның мұғалімдерді жұмысқа алар кезінде "Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу" Автоматтандырылған-ақпаратты талдау жүйесі арқылы жаңа да, жақсы өзгерістер енгізуде. Педагогикалық қызметке үздік кадрларды іріктеп алуға , жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік беруде. Ж.Тәжиеваны қолдай келе N63 мектеп ұжымы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18-қарашадағы N410V "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 12,13,14,15-бабтарын басшылыққа алып Қазақстан Республикасының "Білім туралы"Заңының 51-бабының 7,8 тармақтарына сәйкес педагог қызметінде педагогтың әдеп қағидаларын сақтауға, білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналардың немесе өзгеде заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндеттіміз.



