"Оқуға құштар мектеп" » «N63 негізгі орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№63 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
(8723) 53-14-71
Оқу бөлімі:
+7(708) 198-08-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
наурыз
2021

"Оқуға құштар мектеп"

№63 жалпы  орта мектебінде барлық ел болып қолға алынған "Оқуға құштар мектеп"  жобасын іске асыруға бағытталған жұмыстар жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. 1-10 сынып оқушылары арнайы түзілген кесте бойынша сынып жетекшілерімен 20 минуттық кітап оқуға келіп, кітапхана қорымен танысады, өздеріне ұнаған, әдеби кітаптарды, ертегілерді оқиды. Негізгі мақсатымыз білім алушылардың оқу белсенділігін, кітап құмарлығын арттыру, білімнің қайнар көзі-кітап екендігін түсіндіру арқылы оқуға құштар баланы тәрбиелеу. 17ақпан күні Қазақстанның халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай "Жүз жыл жырлаған жүрек" тақырыбында поэзия сағаты 5ә сынып жетекшісі Таутай Дананың ұйымдастыруымен өтті. Кітапханашы Б. Койшибаева оқушыларды ақынның өмір жолымен таныстырып,  "Жыр алыбы-Жамбыл" атты кітап көрмесіне қойылған ақынның өлең жинақтарын оқуды ұсынды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив