30
наурыз
2021
Биыл еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай"Бір ел-бір кітап" акциясы
Құрметті оқырмандар! Биыл еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай"Бір ел-бір кітап" акциясы бойынша "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына-30 кітап" атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласында 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелді. Акцияның мақсаты-қоғамның отандық әдебиетке, соның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туғызу. Балаларға арналған әдебиеттер тізімінде ең үздік деген балалар жазушыларының туындылары ұсынылады. Кітап сүйер қауымды жыл бойы кітап оқуға шақырамыз!