Кезекші сынып » «N63 негізгі орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№63 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
(8723) 53-14-71
Оқу бөлімі:
+7(708) 198-08-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
қараша
2020

Кезекші сынып

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №63 жалпы орта мектебінде қазіргі таңдағы елімізде болып жатқан пандемияға байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің №611 бұйрығы және Білім және Ғылым министрлігінің 2020ж 13-тамыз №345 бұйрығы негізінде ата-ана өтініші және педагогикалық кеңес шешімімен барлық "Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды" сақтай отырып кезекші1-4 сыныптардан 9 сынып 11 топқа бөлініп 140 оқушы мектеп қабырғасында білім алып жатыр.  Ал 5-10 сынып оқушылары қашықтықтан оқып білімленд онлайн мектеп платформасын мектеп оқушылары 100% қолданып сабақ өтуде. 
 Біз үшін әрқашанда оқушылар мен ұстаздардың денсаулығы бірінші орында, сол үшін санитарлық шаралар қатаң сақталған. Әр сыныптың үзіліс уақыттары әр түрлі. Әрбір екінші сабақтан кейін, ылғалды жинау, сынып бөлмесін желдету жұмыстары жүргізіледі. Сабақ аяталғаннан соң сынып бөлмесі кварцталады. Мектеп дезинфекциялық тоннелмен, кварцпен, тепловизормен, маскамен және дезинфекция құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Күнделікті мектеп медбикесі оқушылардың дене қызуларын тепловизор көмегімен өлшеп кіргізеді. Сыныптарға баратын ара қашықтықты сақтау жолақтар /қызыл-жасыл/ орналастырылған және сыныптарға бактерицидтік шамдар қойылған. Мектепте жүріп-тұру оның ішінде баспалдақпен көтерілу «бір жақты қозғалыс» қағидасы бойынша арнайы көрсеткіштермен таңбаланған. Сабақ режимін ұйымдастыру жұмыстары талапқа сай жүргізілуде. 
   Қазан айы да аяқталуда. Ата-аналарымыз бен оқушыларымыз алтын ұя мектебіне келіп білім алғанына қуанып жатыр.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив