30
наурыз
2021
"Оқуға құштар мектеп"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №63 жалпы орта мектебінде жас оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншілікті қалыптастырып, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында кітапханаға саяхат ұйымдастырылып тұрады. Бүгін сынып жетекшісі Тамара Оңалбаева 5а сыныбымен кітапханаға саяхаттап келді.Оларды кітапханашы
Бақыт Койшибаева жылы қарсы алып, кітаптың әрбір оқырман өмірінде алар орны туралы әңгімелеп, кітапхананың тұрақты оқырмандары болуға шақырды. Кітап көрмелерімен таныстырып, биылғы жылы мерей той иелері Ж Жабаевтың, Ы. Алтынсариннің, М. Мақатаевтың кітаптарын оқуды ұсынды. "Кім көп кітап оқыса, сол көп біледі. Кітап- жан азығы, ақыл -ойдың айдыны. Мен сендерді әрдайым кітапханаға келіп, кітап оқуға шақырамын" деді.