№63 жалпы орта мектебінде қаңтар айының 25 күні ата-аналар төрайымдарымен жиналыс өтілді » «N63 негізгі орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№63 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
(8723) 53-14-71
Оқу бөлімі:
+7(708) 198-08-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №63 жалпы орта мектебінде қаңтар айының 25 күні ата-аналар төрайымдарымен жиналыс өтілді
29
наурыз
2021

№63 жалпы орта мектебінде қаңтар айының 25 күні ата-аналар төрайымдарымен жиналыс өтілді

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №63 жалпы орта мектебінде қаңтар айының 25 күні ата-аналар төрайымдарымен жиналыс өтілді. Жиналыста мектеп директоры Назия Алиханқызы  ата-аналарға қаралатын мәселелерді таныстыра отырып, биылғы III-тоқсаннан бастап білім бөлімінің шешімімен штаттық режимде оқып,  барлық санитарлық талаптар сақталып жатқандығын айтып,  2020-2021 оқу жылындағы сыныптардың II тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы мен оқушыларының  II тоқсандағы жетістіктері және III тоқсанда оқушылардың білім сапасын арттыруға қолға алынып жатқан үлкен жобалар жөнінде айтып өтті. Жиналыстағы негізгі мәселе оқушылардың білім сапасы болды. Және де ата-аналардан көп қолдау күтетінімізді айтып жеткізді. Сонымен қатар келесі сөз кезегін ата-аналар комитетінің төрайымы А. Досыбаева өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеуде отбасы мен мектептің ынтымақтастығының ықпалы зор.
  Ата-ана мен мектеп бірлігінің байланысын үздіксіз жүргізу басты міндетіміз деп өз ойын жеткізді.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив