№63 жалпы орта мектебінде мектеп оқушыларының білім сапасын көтеру жөнінде мектеп әкімшілігі мен бірлестік жетекшілері арасында бірлескен алқалы жиын » «N63 негізгі орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№63 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
(8723) 53-14-71
Оқу бөлімі:
+7(708) 198-08-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №63 жалпы орта мектебінде мектеп оқушыларының білім сапасын көтеру жөнінде мектеп әкімшілігі мен бірлестік жетекшілері арасында бірлескен алқалы жиын
29
наурыз
2021

№63 жалпы орта мектебінде мектеп оқушыларының білім сапасын көтеру жөнінде мектеп әкімшілігі мен бірлестік жетекшілері арасында бірлескен алқалы жиын

Бүгін 28.12.2020ж Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №63 жалпы орта мектебінде мектеп оқушыларының білім сапасын көтеру жөнінде мектеп әкімшілігі мен бірлестік жетекшілері арасында бірлескен алқалы жиын болып өтті. Онда мектеп оқушыларының  білім сапасына жан-жақты талдау жасалып, арнайы жоспар түзілді. Мектеп директоры Абилдабекова Назия Алиханқызы жеке пәндер бойынша дарынды оқушылардың жұмысын жолға қоюды, балалардың бойындағы дарындылықты дамыту, шеберлігін арттыру, жеке шығармашылығын қалыптастыру жөнінде   айтып  оқу тәрбие жұмысын педагогикалық диагностикалық нәтижелеріне байланысты ұйымдастыру әр баланың іс-қабілетін, сұранысын білу керектігіне басты назарын аударды.   
Мектебімізде  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің №611 бұйрығы және Білім және Ғылым министрлігінің 2020ж 13-тамыз №345 бұйрығы негізінде ата-ана өтініші және педагогикалық кеңес шешімімен барлық "Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды" сақтай отырып кезекші1 - 4 сыныптардан 9 сынып 11 топқа бөлініп 140 оқушы   және   де   5-9-10 сыныптар мектеп қабырғасында білім алып жатыр.  Біз үшін әрқашанда оқушылар мен ұстаздардың денсаулығы бірінші орында, сол үшін санитарлық шаралар қатаң сақталған. Әр сыныптың үзіліс уақыттары әр түрлі. Әрбір екінші сабақтан кейін, ылғалды жинау, сынып бөлмесін желдету жұмыстары жүргізіледі. Сабақ аяталғаннан соң сынып бөлмесі кварцталады. Мектеп дезинфекциялық тоннелмен, кварцпен, тепловизормен, маскамен және дезинфекция құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Күнделікті мектеп медбикесі оқушылардың дене қызуларын тепловизор көмегімен өлшеп кіргізеді. Сыныптарға баратын ара қашықтықты сақтау жолақтар /қызыл-жасыл/ орналастырылған және сыныптарға бактерицидтік шамдар қойылған. Мектепте жүріп-тұру оның ішінде баспалдақпен көтерілу «бір жақты қозғалыс» қағидасы бойынша арнайы көрсеткіштермен таңбаланған. Сабақ режимін ұйымдастыру жұмыстары талапқа сай жүргізілуде.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив