09
қаңтар
2021
ҮЙДЕ ОҚИТЫН ОҚУШЫЛАРДЫ ӘКІМШІЛІК ТЕКСЕРУ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №63 жалпы білім беретін мектебінде мүгедек және денсаулығы жарамсыз үйде оқытылатын оқушыларды әлеуметтік педагогтар оқушының ата-анасымен, мектеп педагог-психологімен және пән мұғалімдері оқушының отбасымен танысып, оқушының үйін зерттеу актісін жасап, өзіндік арнайы бөлме бар немесе жоқтығын анықтап, педагог-психологтар ата-анасымен бірлесе оқушының мінез-құлқын, хал-ахуалын анықтап және байқап оқушының ата-анасымен сөйлесіп, сауалнама алып және пән мұғалімдерінің тұрақты түрде баруын бақылауға алды. Оқушының бос уақытта немен айналысатынын, қалай және кіммен өткізетіндігін сараптама жасады.















