28
қыркүйек
2020
"Қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?" атты бырыңғай жалпы республикалық ата-аналар жиналысы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №63 жалпы орта мектебінде 17 қыркүйек 2020 жылы сағат 16:00-де Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 14 қыркүйек 2020 жылғы №18-2/472 хатын негізге ала отырып, "Қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады? " атты бірыңғай жалпы республикалық ата-аналар жиналысы болып өтті. ZOOM- қосымшасында өтілген жиналысқа ата-аналар және сынып жетекшілер, мұғалімдер қатысты.
Жиналыс барысында ата-аналарға, оқушыларға қашықтықтан оқытудағы туындауы мүмкін мәселелер жайында және интернет желісінен тиісті бағдарламаларды ғана пайдалану керектігі айтып түсіндірілді. Қашықтықтан оқытудағы балалардың ата-аналарына бірнеше ұсыныстар берілді, және де ана-аналарды мазалап жүрген сұрақтарына жауап беріліп, түсіндірме жұмысы жүргізілді.


