29
наурыз
2021
28.01.2021ж күні мектеп ата-аналары мен қамқоршылық кеңес мүшелерімен бірлескен жарты жылдық есеп беру жиналысы
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №63 жалпы орта мектебінде 28.01.2021ж күні мектеп ата-аналары мен қамқоршылық кеңес мүшелерімен бірлескен жарты жылдық есеп беру жиналысы болып өтті. Жиналыста мектеп директоры Н.А. Абилдабекова жарты жылдық атқарылған жұмыстарға рет-ретімен тоқталып өтті.
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты оқу жылының I тоқсанын қашықтан оқыту арқылы жүргізілгенін осы тұста ұстаздардың ерен еңбектеріне тоқталып, оқушылардың қашықтан оқытуға тез бейімделгенін атап өтіп, балаларына және ұстаздарға үнемі қолдау білдіріп отырған барша ата-аналарға алғысын білдірді. Биылғы жылдан бастап мектебіміз "Жалпы орта мектеп" статусына ие болғандығын, III-тоқсаннан бастап оқушыларымыз штаттық режимде білім алып жатқанынымызды атап айтты. Сонымен қатар есеп беру барысында жыл бойы білім, спорт, өнер саласында республикалық, қалалық олимпиадаларда жеткен жетістіктерге тоқталып өтті. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның талаптарын қатаң орындалуы және оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, демеушілер тарапынан көрсетілген көмектерге, мектебімізде ұйымдастырылған қайырымдылық акцияларын атап өтті. Ата-аналар мен қамқоршылық кеңес мүшелері жыл бойы атқарылған жұмысқа оң бағасын беріп, мектеп ұжымының жұмыстарына сәттілік тіледі.
Теги:
админ