Біз туралы » Страница 5 » «N63 негізгі орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№63 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
(8723) 53-14-71
Оқу бөлімі:
+7(708) 198-08-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Үздік сабақ жоспары" байқауы
30
наурыз
2021
"Үздік сабақ жоспары" байқауы
Шымкент қаласының әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен "Үздік сабақ жоспары" байқауына қатысып N63 жалпы орта білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімі Дусекбаева Сандуғаш 1-дәрежелі дипломмен, биология пәні мұғалімі Таутай Дана 2-дәрежелі дипломмен, бастауыш сынып мұғалімдері Абданбекова Райхан мен Қаппарова Айгул 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. Әріптестер құттықтаймыз!!! Шығармашылық  табыс тілейміз!!!
1-Наурыз Дүниежүзілік  Азаматтық Қорғаныс  күніне  дайындық
30
наурыз
2021
1-Наурыз Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күніне дайындық
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N63 жалпы орта білім беретін мекемесінде 1-Наурыз Дүниежүзілік  Азаматтық Қорғаныс  күніне  дайындық  мақсатында  Төтенше  жағдайлардың  алдын алу үшін Еңбекші ауданы Төтенше Жағдайлар Басқармасы офицері  Шыңғыс Нұрмаханмен бірге мектеп оқушыларымен кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлармен таныстырып олардың алдын-алу жолдарын түсіндірді. Оқушыларға сұрақ қойып, оқушылар өз ойында жүрген көптеген сұрақтарға
"Мен оқыдым, сен де оқы" жобасы
30
наурыз
2021
"Мен оқыдым, сен де оқы" жобасы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №63 жалпы орта мектебінің 10а сынып оқушылары арасында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К. Медеуова мен сынып жетекшісі А. Нүрекешова апайларымыздың ұйымдастыруымен "Мен оқыдым, сен де оқы" жобасы аясында М. Әуезовтың "Қорғансыздың күні" шығармасын оқушылар бір-бірімен мазмұнымен бөлісіп талқылады. Және де оқушылар тағы басқа да оқыған кітаптарының мазмұнымен бөлісті.     Бұл шара "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында қолға алынып отыр. Жобаның мақсаты
" Жыл мезгілдері" атты IY Республикалық байқауы
30
наурыз
2021
" Жыл мезгілдері" атты IY Республикалық байқауы
Мүмкіндігі шектеулі жандар мен инклюзивті балаларға арналған Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған ерекше білім беруді қажет ететін " Жыл мезгілдері" атты IY Республикалық байқауында №63 жалпы орта мектебінің үйден оқытылатын 5 б сынып оқушысы  Алтынбек Бексұлтан  ІІ дәрежелі дипломммен, 3-сынып оқушылары Оразбай Маржан және Оразбай Інжу II-дәрежелі дипломмен, сонымен қатар III дәрежелі Диплом иегері Тоқтарбек Құралай марапатталды.  Құттықтаймыз!!!  Оқушыларымызға  білім алу
"Оқуға құштар мектеп"
30
наурыз
2021
"Оқуға құштар мектеп"
№63 жалпы  орта мектебінде барлық ел болып қолға алынған "Оқуға құштар мектеп"  жобасын іске асыруға бағытталған жұмыстар жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. 1-10 сынып оқушылары арнайы түзілген кесте бойынша сынып жетекшілерімен 20 минуттық кітап оқуға келіп, кітапхана қорымен танысады, өздеріне ұнаған, әдеби кітаптарды, ертегілерді оқиды. Негізгі мақсатымыз білім алушылардың оқу белсенділігін, кітап құмарлығын арттыру, білімнің қайнар көзі-кітап екендігін түсіндіру арқылы оқуға құштар баланы
"Оқуға құштар мектеп"
30
наурыз
2021
"Оқуға құштар мектеп"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №63 жалпы орта мектебінде жас оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншілікті қалыптастырып, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында кітапханаға саяхат ұйымдастырылып тұрады. Бүгін   сынып жетекшісі Тамара Оңалбаева 5а сыныбымен кітапханаға саяхаттап келді.Оларды кітапханашы Бақыт Койшибаева жылы қарсы алып, кітаптың әрбір оқырман өмірінде алар орны туралы әңгімелеп, кітапхананың тұрақты оқырмандары болуға шақырды. Кітап
"Ерте жүктіліктің алдын-алу "  және қыз бала гигиенасы бойынша жұмыстар
30
наурыз
2021
"Ерте жүктіліктің алдын-алу " және қыз бала гигиенасы бойынша
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №63 жалпы орта мектеп педагог- психологтарының және де мектеп медбикесінің ұйымдастыруымен  №14 емхана мамандары психолог  Ақмарал Елубаевна мен акушер гинеколог Моминова  Феруза апайлардың қатысуымен 8-9-10 сынып  оқушыларына  "Ерте жүктіліктің алдын-алу "  және қыз бала гигиенасы бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп психологиялық кеңестер берілді. #психология_шымкент_әдістемелікорталық
"Жарқын болашақ иесі-бүгінгі мұғалім" тақырыбында психологиялық тренинг
30
наурыз
2021
"Жарқын болашақ иесі-бүгінгі мұғалім" тақырыбында психологиялық
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №63 мектеп педагог-психологтары мұғалімдермен "Жарқын болашақ иесі-бүгінгі мұғалім" тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Тренинг мақсаты мұғалімдерге көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, педагогтардың эмоционалды және жігерлендіріп көңіл-күйлерін көтеру, кәсіби құлшыныстарын арттыру болды.  Нәтижесінде тренинг өз мақсатына жетіп, мұғалімдер өте ұйымшылдықпен қатысып, жақсы жағымды кері байланыстарымен  бөлісті.
Қалалық сенбілік
30
наурыз
2021
Қалалық сенбілік
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №63 жалпы орта мектеп ұжымы жалпы қалалық сенбілікке шығып, айналаның барлығы  күл – қоқыстан тазартылды.  Мектеп ауласы мен территориясы түгел тазаланып, мектеп ауласындағы шырша ағаштардың түбі қопсытылып, артық бұтақтары кесілді. Мектеп жанындағы жолдар тазаланды.
"Жарқ ете қалсам, найзағай болып..."  шығармашылық онлайн байқауы
30
наурыз
2021
"Жарқ ете қалсам, найзағай болып..." шығармашылық онлайн байқауы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында ұйымдастырылған  "Жарқ ете қалсам, найзағай болып..."  шығармашылық онлайн байқауының поэзия жанры бойынша №63 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлеген Шыңғысхан Омарханұлы ағайымыз "Елім деп соқса жүрегім"  номинациясы бойынша Шымкент қаласының  білім басқармасы әдістемелік орталығының мадақтама қағазымен марапатталды.  Жеңісіңіз құтты болсын ағай!!!