30
сентябрь
2021
«Мен қандай адаммын»,«Менің мақсатым»,«Есте қалған қызықты оқиға»,«Күн шуақты алаңқай»,«Мен ғажаппын»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 63 жалпы білім беретін мектептің педагог—психологтары 2021—2022 оқу жылында 10.09—10.10.2021ж күндері аралығында кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтың оның ішінде зорлау сипатындағы қылмыстардың, ерте жүктіліктің, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу мақсатындағы атқарылатын айлық іс-шараның жоспары бойынша мектепте 7-11 сынып оқушылары арасында жасөспірімдердің өзін, бағалай білуге, мақсатқа ұмтыла білуге, өмірдің құндылықтарын түсіне білуге, өз ойларын ашық айтуға үйрету мақсатында психологиялық алдын-алу жұмыстары жүргізіліп сауалнамалар алынды. Оқушылармен «Адам өмірі бәрінен қымбат» атты тренинг жүргізілді және психологиялық кеңестер берілді. Шаттық шеңбері құрылып «Мен қандай адаммын»,«Менің мақсатым»,«Есте қалған қызықты оқиға»,«Күн шуақты алаңқай»,«Мен ғажаппын» атты жаттығулар жүргізіліп тренинг өз мақсатына жетті. Оқушылардың қарым- қатынастары артып, өз ойларын ашық айтуға үйренді. Жалпы оқушылар өмірді бағалай білуді түсінді.