11
қараша
2020
Әлеуметтік көмек
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №63 жалпы орта мектебінде әлеуметтік жағдайы төмен 220 оқушы бар. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы 64 қаулысы негізінде және биылғы мектепке жол акциясы барысында міндетті білім қорынан 7 млн 100 мың теңге бөлініп атаулы әлеуметтік көмек алатын және басқа да санаттағы жалпы 143 отбасынан 213 балаға бір реттік 30000 теңгеден көмек көрсетілді. Мектебімізде 85 компьютердің 40 жарамды. Ол 35 отбасыға яғни 74 оқушыға таратылды. Сонымен қатар мемлекеттік бюджеттен 30 жаңа компьютер алынып, іске қосылып 65 оқушыға таратылды. Мектептің үнемделген қаржы есебінен Қазақтелеком акционерлік қоғамымен келісіп шартқа отырып 203 оқушыға интернетке қол жетімді болу үшін 1 млн 490 мың теңгеге сим карта алынып оқушыларға пайдалануға берілді.