09
қаңтар
2021
"Заттың қасиеттері" тақырыбында 4 "б" сыныбымен өткізген ашық сабақ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №63 жалпы орта мектебінің 1-4 сыныптарында бастауыштар апталығының жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімі Байысбаева Рыскүл апай 4 Б сынып оқушыларымен жаратылыстану пәнінен ,,Заттың қасиеттері'' тақырыбында ашық сабағын өткізді. Сабақ барысында ұстазымыз заттардың түсіне, күйіне, иісіне және де басқа қасиеттеріне байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оқушылар белсене қызығушылықпен қатысып, өздерінің білім мен білік дағдыларын көрсетті. Сабақ өз мақсатына жетті. Ұстазымызға шығармашылық табыс тілей отырып, еңбегіңіз биіктен көріне берсін дейміз.
Теги:
Админ