15
желтоқсан
2020
"Екі таңбалы сандарды қосу және азайту" ашық сабақ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №63 жалпы орта мектебінің 1-4 сыныптарында бастауыштар апталығының жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімі Абданбекова Райхан апай 2 А сынып оқушыларының қатысуымен ,,Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі'' тақырыбында ашық сабак өткізді. Сабақ барысында оқушылар белсене қызығушылықпен қатысып, өздерінің білім мен білік дағдыларын көрсетті. Сабақ өзінің мақсатына жетті. Жаңа тұлғаны құзіретті, креативті, бәсекеге қабілетті, толерантты және жаңашыл қылып тәрбиелеу Райхан апайдың басты міндеті. Ұстазымызға шығармашылық табыс тілей отырып, еңбегіңіз биіктен көріне берсін дейміз.
Теги:
Админ