11
қараша
2020
"Күз-береке, күз-мереке" тәрбие сағаты
Табиғат- күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұясы, құт берекесі. Жыл мезгілдерінің ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше. Себебі, айнала сары түске боялып, жалтырап көздің жауын алатыны сөзсіз.
Не қасиет бар дейсің, осы күзде,
Деп айтқаны әркімнің есімізде.
Ет майымен тоқашын қолтықтап ап,
Байлық , ырыс әкелген осы бізге.
Талай-талай басынан таңды асыра,
Алтын дәнін тиеп ап арбасына,
Қараңыз, өзі тастап кеткен жоқ па,
Отанымның берекелі қамбасында- деп ақиық ақынымыз М.Мақатаев жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымызда күз мерекесі, күз берекесі, күз кереметі жайлы болмақ.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №63 жалпы орта мектебінің 4"а" сынып оқушыларының ашық тәрбие сағаты және оқушылардың қолынан шыққан қолөнер жұмыстары мен салған суреттері.
Әр отбасының дастарханы дәмге, еліміздің қамбасын дәнге толтырған Алтын жомарт күзіміз құтты болсын!
Теги:
Админ