09
қаңтар
2021
5"а"сынып оқушыларының "Ұлы дала елі: тәуелсіздік жетістіктері мен жасампаздық белестері" атты тәрбие сағатын қабыл алыңыздар
Тәуелсіз ел болып, егемендігімізді алғанымызға, Қазақ елі болып бөлек шаңырақ көтергенімізге, өз алдымызға мемлекет болғанымызға 23 жыл толып отыр. Осындай азаттықтың көк аспаны астында бейбіт өмір сүргеніміз Қазақ батырлары мен қайсар жастарының (1986 жылғы жастар) арқасында. Осы жауапкершілікті сезініп, егемен елдің ұрпағы деген атқа лайық болу үшін тырысуымыз керек. Білім алып, еңбек етіп, ел дамуына үлес қосуымыз қажет. Бұл - біздің міндетіміз.
Бүгін - қуана отырып мұңаятын, мұңая отырып қуанатын ұлы мейрам.
Тәуелсіздік құтты болсын! Елімізде баянды бақыт, бейбітшілік үстемдік құра берсін!Осы орайда оқушыларға Қазақстан туралы, оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру, Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау, көрсету; оқушыларды өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, өз ана тілін сүюге,әдемі сөйлеуге үйрету мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №63 жалпы орта мектебінің 5"а"сынып оқушыларының "Ұлы дала елі: тәуелсіздік жетістіктері мен жасампаздық белестері" атты тәрбие сағатын қабыл алыңыздар!