29
наурыз
2021
Қайырымдылық жасаған жандар
Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» - деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде жалғастырылып келеді.
Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!
Осындай жомарт жанның бірі "Каз Строй Логистик ТОО" мекемесінің басшысы Маханбетов Сұлтан және де мектебіміздің ұстазы Қатбаева Мұхаббат апайымыз Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №63 жалпы орта мектебінің жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған, тұл жетім балаларға ет, азық-түлікпен өнімдерін таратты.