11
қараша
2020
"Абайды бірге оқиық! " мұғалімдер арасында челленж
Биыл әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханиятының темірқазығы-Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толды. Үкімет қаулысымен 10 тамыз "Абай күні" болып жарияланып, мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Өскелең ұрпаққа берері көп бұл айтулы күннің мән-мағынасын жас ұрпақ санасына сіңіру біз секілді ұстаздар қауымына басты міндет саналады. Қазақ руханиятына зор үлес қосқан Абай бабамыздың өшпес мұрасы ғасырдан-ғасырға жалғаса бермек. Елімізде орын алған төтенше жағдайларға байланысты бұрынғыша кітапханаға оқырмандарды жинап кездесу ұйымдастыру мүмкін емес, сондықтан №63 жалпы орта мектеп кітапханасының меңгерушісі Койшибаева Бақыт Тұрғанбайқызының бастауымен мектеп ұстаздары арасында "Абайды бірге оқиық! " деген атаумен ақын өлеңдерін жатқа оқып, бейнебаян жолдау челленжі ұйымдастырылды.