Тарих және жаратылыстану бірлестігінің апталығы "Ғылым.Тарих.Табиғат" » «N63 негізгі орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№63 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
(8723) 53-14-71
Оқу бөлімі:
+7(708) 198-08-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тарих және жаратылыстану бірлестігінің апталығы "Ғылым.Тарих.Табиғат"
09
наурыз
2022

Тарих және жаратылыстану бірлестігінің апталығы "Ғылым.Тарих.Табиғат"

№63 жалпы орта мектебінде қаңтар айының 31.01.2022 ж. күнімен ақпан айының 05.02.2022 ж. күндер аралығында "Тарих және жаратылыстану" әдістеме бірлестігінде  "Ғылым. Тарих. Табиғат"  тақырыбында апталық  өткізілді. 
Мақсаты: Қазақстанның болашағы білімді оқушы, заманауи ұстаз, зияткерлік білім беру. Оқушылардың білімдерін өмірмен байланыстыру, өмір сүруге бейімдеу.
Міндеті: Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылдарға арнаған аса маңызды стратегияның жолдауында  жастардың білім деңгейін барынша көтеру арқылы бәсекеге қабілетті мамандар дайындау. Жаратылыстану пәндерінде сапалы білімді тек қана сабақта ғана пайдаланбай зертханалық, практикалық жұмыстарда пайдаланудың, өмірмен байланыстырудың мәні зор.
Апталықтың ашылу салтанаты үш тілде жүргізілді. Үштілділік бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылудың басты баспалдағының бірі. "Тарих және жаратылыстану" әдістеме бірлестігіндегі пәндер бойынша сұрақтар үш тілде қойылып, оқушылар үш тілде жауап берді.
Оқушылар өз өнерлерін  үш тілде ән, тақпақтарын  айтып өздерін көрсете білді. 
Апталықтың  іс-шара жоспары бойынша  ашық сабақтар,  ашық тәрбие сағаты, дөңгелек үстел, ата-аналар мен тренинг, үштілділік бойынша кештер, т.б іс-шаралар өз дәрежесінде  өтілді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив