27
октябрь
2021
"Менің дабыл шабаданым" челленджі
№63жалпы орта мектебінде "Менің дабыл шабаданым" тақырыбында өрт сөндіруші мамандармен кәсіптік бағдар беру бойынша, оқушылардың кәсіптік қызығушылығын қалыптастыру және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыттау мақсатында АӘжТД пәнінің оқытушы- ұйымдастырушысы запастағы аға лейтенант Махамбетов Нурлан Сейлович Еңбекші мөлтек ауданында орналасқан №2 өрт сөндіру бөліміне 10 "А" сынып оқушыларын апарды. Бөлімше командирі мен сержанттары оқушыларға өрт сөндіруші мамандығының қыр - сырын егжей - тегжей түсіндірді. Оқушылар бар ынталарымен тыңдап, көкейдегі сұрақтарын қойып бұл мамандыққа деген қызығушылықтары қалыптасты.Бұл кездесу оқушылар бойында мамандық таңдауға ой салды. "Тревожный Чемоданчик МЧС" @kz_nvs, @tjm_mchs