18
октябрь
2021
Қасым Аманжоловтың 110жылдық мерейтойына орай "Әр өлеңі бір әлем" тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті.
№63 жалпы орта мектеп кітапханасында қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырып өткен Қасым Аманжоловтың 110жылдық мерейтойына орай "Әр өлеңі бір әлем" тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті. Кештің мақсаты: оқушыларды ақын шығармашылығымен, азаматтық тұлғасымен таныстыру, поэзияны сүюге, өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы оның құдіретін сезінуге тәрбиелеу. Әдеби кешті кітапханашы Б. Койшибаева ашып, Қасым ақынның ақындығымен қоса аудармашылығы, әншілігі, артистік қабілеті де болғаны туралы әңгімеледі. Кітапхана оқырмандары, 5-10 сынып оқушылары ақын ағаларының туған жер тақырыбына жазылған "Атамекен ","Туған жер", сүйген жары мен сүйікті қызына арнап жазған"Сақыпжамал","Дариғашым", соғыс майданында жүріп жазған" Үстімде сұр шинелім", "Сен фашиссің" т. б көптеген өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Оның " Өзім туралы" әнін 6 сынып оқушысы Мырзалы Диас нақышына келтіре орындады. Әдеби кешке мектеп директоры Назия Алиханқызы сөз сөйлеп, "Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ" деген өлең жолында өзі айта алмай кеткенін келер ұрпақ еншісіне тастап, алдағы уақытта бір ғажап болатынына кәміл сенгендік бар. Бүгінде ақынның арманы орындалды. Сондықтан Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында жастар, сіздер Қасым ағалаларыңның жырларына ой көзімен қарап, тануға тиіссіңдер"- деп қорытындылады.