"Бастауыш сынып апталығының жабылуы"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N63 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш бірлестігінің ұйымдастыруымен "Бастауыш-білім бастауы" атты апталықта , бастауыш сынып мұғалімдері жоғары дәрежеде белсене қатысып үздік ашық сабақтар өтті. Сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстар көркем жазу, мәнерлеп оқу, сурет көрмесі және шахматшылар жарысы ұйымдастырылды. Сыныптан тыс жұмыстарға бастауыш сынып оқушылары белсене қатысып, мақтау қағазымен марапатталды. Апталық жоғары дәрежеде өтілді.